-
-
-
- hello Saharazada Sahara
- Username: saharazada
- In response to: "Who are you?" I am a person who think both this life and Hereafter!
-
-
saharazada's latest answers
-
- The Most Destructive Force to Mankind
-
Адамның өз нәпсісі өзіне үлкен жау. Неге десеңіз, адам бірнәрсеге құмарланса, яғни нәсі соған итермелейді. Ал сол құмардан шықса, адамның айуаннан айырмашылығы болмайды. Өйткені, азулы арыстан өз қарнын тойдыру, яғни құмарын қандыру үшін өзге сүтқоректілерді жейді. Онда егер нәпсіні тыятын сана болса, сол арыстан тыяр еді. Амал нешік Алла солай жаратқан екен, адал өмір сүріп, оның өзіне қайтуымыз керек. Періштені жаратқанда, оған ақыл берген, жануарларды жаратқанда, оларға нәпсіні ғана берген, ал адамды жаратқанда, оған ақылды да, нәпсіні де берген. Егер алғашқысына соңғысын бағындырса, періштеден де жоғары дәрежеде болады, тең ұстаса адам ғана, кейінгісі басым болып кетсе, айуаннан да төмен дәрежеге түседі. Халқым, ойлану кезегі өзіңде..... Қайсысы қайсысына қалай қызмет етіп жүр? Періште болып па, адам болып па әлде айуан болып па?
Міне, адамның ең үлкен жаулары - нәпсі мен шайтан.
-
- Қол телефон
-
Қол телефонның әлегі
Cellphone.DupontCircle.WDC.2oct05
Осы қол телефонның шыққаны адамзатқа пайдасы мен өатар зиянын әкелгені рас. Бірақ осы зиян екен деп отырған адам баласы көрінбейді. Қайта, осының небір жаңа үлгілерін жасап шығаруда, оны ақымақбастар алып та үлгеріп жатыр. Осыны жазуға себеп болған, өткендегі бір қоңырау. Құдай салмасын басыңа, бір қыз маған, салем, Жанболат тез шықшы, әйтпесе сейіл басталып кетеді, біз кешігіп барамыз осының өзінде демесі бар ма? Содан мен Жанболат бола қалдым(Өзімнің есімім емес қой) сен қайда күтіп тұрсың? Мен қазір келе жатырмын төмен түсіп дедім ғой, сөйтсем (Жанболат жер үйде тұрады ғой деймін) қайдағы төмен, сенікі жер үй ғой деп былш еткізді. Телефонға қарашы деп үлгергенім сол еді, кешіріңіз мені, мен қателесіп кеттім деген сөз естілді, тұтқа да қойылды. Сонымен қысқа әңгімеміз тамам болды. Содан екі күннен соң қайта әлгі нөмір қайта қоңырау шалды, сіздің нөміріңіз менің досымның нөміріне ұқсайды екен, мен соңғы екі нөмірді шатыстырып алыппын. Содан сізге түсіп кетіппін, айыпқа бұйырмаңыз деді. Содан қал сұрастым мен де қарап тұрмай, сейіл қалай өтті десем, әлгі қыз күледі. Мінеки, осындай жағдайларды да тудыратын осы қол телефоны.
-
- How the Current Economic Climate Has Affected Me
-
Жарандар, блогка кірмегеніме кеше тура 2 апта болыпты. Кіре қояйын десем домен бір кіргізбейді ғой(Адамның қанын қайнатып). Сонымен амал нешік деп отыра бердім. Үмітім үзілуге шақ қалғанда, көмекке Опера броузері келді ғой. Интернет парақтарынан броузерлерді орындыққа теңесек, әр броузер төмендегідей сипатқа ие болады деген. Мұнысы несі деп таңқалған болатынмын. Сөйтсем, гәп осында жатыр екен!
Мен де осы шешіммен келісем!
-
- Интернет қолдану бар да, броузер таңдау бар!
-
Броузерлер
Бұрын интернетті тек Эксплорермен ғана қолданатын едік, қазірде осы интернетті броузерлермен қолданатын әдет таптық. ОЛ броузерлер бірінен бірі артық. Біріндегі жоқ іс-әрекет бірінде бар. Менің жүйелі блогымда Мозила, Г-хром, Сафари, Медиа-броузер, Интернет-эксплорер орнатылған. Керек кезінде керек броузерді қолданам. Менің айтпағым, егер броузерлерге орындық деп баға берсек, онда броузерлер мынадай орындықтар болатыны сөзсіз! Сіз қалай ойлайсыз???
-
- Көркемсымақ фильмдер-ай!
-
Біздің көркемфильмдер....
Қазірде кім көрінген көркемфильм түсіре беретін заман болды. Мәні бар, мағынасы терең көркемфильмдер жоқтың қасы десек әсте қателеспейміз. Маған көбінесе көркемфильмдердің сюжеттері ұнамайды. Бір-біріне байланыспай қалған көркемфильмдер көп. Мен сөз етіп отырған көркемфильмдер - жалпы Қазақстандық көркемфильмдер. "Келінді" - ешкі деп халық баға берді. "Сіз кімсіз Ка мырза?" дегенді көрдім, бірақ одан алар мәнді ұқпадым. Әке қорлығы дегенді көркемфильмдер қатарына жатқызуға аузым бармайды. Көркемфильм "Көркем" деген атқа сай болуы керек. "Прыжок Афалины" көркемфильмін көрдім, қызық емес. Неге қызықпадым деп ойлап та көрдім. Сөйтсем, бұл көркемфильмсымақтарым өңшең орыс аудиториясына арналған көркемфильмдер боп шықты. Қазақстанда жасап, қазақ емес, өзге ұлт өкілдерінің көңілін аулаймыз... Көркемфильмдердегі сюжеттер қазақы болмысымызға мүлдем қарсы келеді. Мәдениет министрлігі көркемфильмдерді көбейтуге ақша бөледі жылына. Осы бөлінген ақшаға сапалы фильм шығаруын талап етпей неге жүр деген ой келеді. Мәнді көркемфильмді түсіре алмаса, бұрынғы Шәкен Айманов атамыздың фильмдерін өңдеп, яғни түс енгізіп халыққа ұсынсын. Құр босқа ақшаны шаша бермей. "Алдар көсе" көркемфильмі ақ-қара түсте, мәселен. Тағы басқа фильмдер де осындай кейіпте. Бәлкім, осы істерді атқарып жүргенде дарынды кинорежиссер Жоғарғы оқу орнын бітіріп қалар, бәлкім.....
